Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Атырауда пәтерлері сатылып кеткен көпқабатты үй бұзылатын болды

Атырауда Көктем шағын ауданындағы "Гаухар" көппәтерлі тұрғын үй кешенін бұзу туралы қаулы шығарылды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-сілтеме жасап.

18.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Сот шешімі мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына тұрғын үй кешенін тексеру туралы өтініш берген жергілікті тұрғынның шағымынан кейін шығарылды. Тексеру барысында құрылыстың рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталды. Оның жұмыс жобасына байланысты сараптамалық эскиздік жобасы да, құрылыстың басталғаны туралы хабарламасы да болмаған.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Қабдиновтың айтуынша, құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 314, 316, 321, 463-баптарына сәйкес жалпы сомасы бір миллион 43 мың теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ оған заңбұзушылықтарды жойғанға және рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылысты тоқтата тұру туралы нұсқама берілген.

2021 жылғы 7 қыркүйекте құрылыс саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасының бұзылуына байланысты аталған нысанның құрылысын тоқтату туралы сот шешімі шығарылған. Алайда құрылысты салған адам сот шешіміне қарамастан құрылысты жалғастырды.

«Қазіргі уақытта экономикалық соттың Атырау қаласы, Әлиев көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйді бұзу туралы шешімі заңды күшіне енді. Әрине, нысан бұзылады», – деді Қабдинов.

Осы тұрғын үй кешеніндегі барлық пәтер сатылып кеткен. Енді құрылысшы өз есебінен кешенді бұзып, ақшаны кешенді сатып алғандарға қайтаруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz