Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Атырауда Асанәлі Әшімовтың мерейтойына арналған «Тағдыр тақтасы» қойылымы сахналанды

Атырауда Асанәлі Әшімовтың мерейтойына орай "Жаңа ғасыр" театры "Тағдыр тақтасы" спектаклін қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

22.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қойылым облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы академия театрында өтті. Спектакль атақты театр және кино әртісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың 85 жылдығына арналды. «Тағдыр тақтасы» — бұл әртістің өмір және шығармашылық жолы туралы қойылым.

«Қазақ мәдениеті тарихында аты аңызға айналған адамдар бар. Оның барлығымен кездесу бұйырмады. Қазір бізде сондай мүмкіндік бар. Асанәлі Әшімов — аңыз адам, ол өзінің бар ғұмырын театр мен киноны дамытуға арнады. Атыраулық тұрғындарды бүгінгі атаулы күнімен құттықтаймын! Асанәлі Әшімовтың өмірі жастарға үлгі болуға лайық», — деді құттықтау сөз алған өңір басшысы Серік Шәпкенов.

Өз кезегінде әртіс атыраулықтарға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.

«Өнер халыққа тиесілі, сол себепті менің мұнда келуім — жиналған қауымның алдындағы шығармашылық есеп. Біз үшін халықтың ыстық ықыласы мен сый-құрметінен асқан бақыт жоқ. Және бұл менің 85 жылымның зая кетпегенінің белгісі», — деді «Жаңа ғасыр» театр әртістеріне алғыс айтқан Асанәлі Әшімов.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz