Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырау облысында өтемақы төлеу жұмыстары аяқталуға жақын

Құлсарыда мүлік шығындарын өтеу және бағалау жөніндегі комиссияға 2600-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды alataunews.kz тілшісі qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Қазір комиссия мемлекеттен бөлінген қаражатты шығын көлеміне қарай тұрғындарға үлестіруде.

1454 үй апатты деп танылған, ал 1138 азамат баспанасын қалпына келітру үшін өтемақыларын алып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Аудандық комиссияның қарауында әлі 60-тай өтініш бар.

«Сәуірдің 5 күні су кіріп, суға кеткен жағдайымыз бар. Содан су 10 күндей тұрды. Айналамызды жинақтап жатырмыз. Мемлекеттен көмек бар. Берді. Ризамыз деп айта аламын. Құрылыс бұйырса 1-2 айда бітеді», — дейді қала тұрғыны.

Мемлекет қолдауымен зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан бұл үйлердің әрқайсысы 3 бөлмеден. Жалпы көлемі – 100 шаршы метр. Атқарушы биліктің шешімімен биыл күзге дейін Құлсары қаласынан 100 жеке тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Қазір 80 үйдің құрылысы қатарынан жүріп жатыр. Үйді 6 мердігер салып жатыр. Құрылыс материалдары мен қаражаттан кідіріс жоқ.

«Бұл алты компанияда 100-ге жуық жұмысшылар тартылды. 30-ға жуық техника бар. Негізі жұмыстар өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жалпы құрылыстың аяқталу мерзімі қыркүйек айына жоспарланып отыр», — деп толықтырду Дархан Тілепберген, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы.
Тегтер: су тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz