Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырау облысында 2500-ге жуық үй әлі су астында

Жылыой ауданында шамамен 2500 үй мен нысан әлі су астында. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Биыл 4 сәуірден бастап Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған. Жем өзенінің арнасынан тасуына байланысты көптеген тұрғын үй мен ғимаратты су басқан. Қазіргі таңда ауданда су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ауданда 2491 тұрғын үй мен нысан әлі су астында. Бүгінде осы нысандарда су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тасқынына қарсы 2961 адам, 110 техника, 4 жүзу құралы, 124 әртүрлі су сору құралы жұмылдырылған», — деді Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-ақ су тасқыны басталғалы бері Жылыой ауданында 36 738 адам, оның ішінде 8 392 бала эвакуацияланған. 13 мыңнан аса бас мал қауіпсіз жерге айдалған.

Ресми өкілдің айтуынша, 251 мыңға жуық атыраулық көмек сұраған.

«Жалпы Төтенше жағдай департаментінде жедел желі жұмыс істеп тұр. Бүгінде оған қоңырау шалған тұрғындардың саны 251 мыңға адамға жуықтады. Оның ішінде ақпарат алу үшін және үреймен хабарласқан тұрғындар бар. Оларға ТЖД Апаттық медицина орталығының психологтары шұғыл психологиялық көмек көрсетуде», — деді ол.
Тегтер: су тасқыны

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz