Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырау облысы: бір шақырым жолды жөндеуге 487 млн теңге жұмсалған, тексеру жүргізілмек

Атыраудан Ресейге қатынайтын жол құрылысына кешенді тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Тексеруді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен облыстық прокуратура жүргізеді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

31.08.2022
Жаңалықтар

Бұл туралы қоғам белсенділерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру аясындағы проблемалық мәселелерді талқылау кезінде айтылды. Кездесуде автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, нысандарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін мәселелер көтерілді.

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының сарапшысы Арман Әбсеметовтің айтуынша, автомобиль жолдарының сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіле бастаған.

«Индер ауданы тұрғындарымен жолдарды салу және қайта жаңарту саласындағы ауданның проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында кездесу өткіздік. Белсенді азаматтар, мәслихат депутаттары жүк тасымалдаушылардың шамадан тыс жүктемесіне байланысты жол сапасы нашарлағанына ренішін білдірді. Осы орайда мынадай сұрақ туындайдв: 5-6 адамның қалтасы маңызды ма, әлде аудандағы 30 мыңнан астам тұрғынның мүддесі маңызды ма? Әрине, тасымалдаушыға заңнамада белгіленген талаптар аясында жүк тасымалдау тиімсіз. Егер тасымалдаушының жолына кететін шығын мен аз табысты ескеретін болсақ, онда бұл сандар математикалық, логикалық немесе моральдық тұрғыдан салыстыруға келмейді», — дейді Арман Әбсеметов.

Оның мәліметіне сүйенсек, Атырау-Индер бағытындағы жолдың 10 шақырымына қайта жаңғыртуға бюджеттен 4 млрд 876 млн 438 мың теңге бөлінген. Демек, 1 шақырым жолды жаңғыртуға 487 млн теңге жұмсалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті превенция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғибат Кукатовтың айтуынша, республикалық, облыстық маңызы бар, оның ішінде Атыраудан Ресей Федерациясының шекарасына дейін қатынайтын жол құрылысына кешенді тексеру жүргізуді жоспарланып отыр. Тексеру облыстық прокуратураның өкілдерімен бірге жүргізіледі.

«Біздің ойымызша, жол құрылысында сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары бар. Соған байланысты бюджеттік қаражатты ұрлау фактілерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі», — дейді Ғибат Кукатов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жолаушы тасымалдау шығынын субсидиялау ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімі республикалық олимпиадада І орын иеленді

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Алатау қаласында екі жаңа автобус маршруты іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қазгидромет 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қонаев қаласында референдумды қолдау мақсатында дрон-шоу өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz