Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Аты жоқ жұлдыз» – Талдықорған театрының 47-ші маусымы ерекше форматпен жабылды

Бекен Римова атындағы Талдықорған театры жабылу салтанатында румыниялық жазушы Михаил Себостьянның «Аты жоқ жұлдыз» атты лирикалық драмасын сахналанды.

01.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ерекше форматта қойылған спектальдің режиссері Дина Жұмабай бұл шығарманы бекер таңдамағанын айтады.

«Жабылу маусымына «Аты жоқ жұлдызды» қойған себебіміз халық дәл осы қойылымды көп сұрады. Драмада пластикалық қозғалыстар арқылы қазіргі қоғамның беталысын, қимыл, әрекетін бейнелеуді көздедік және бұл жоспарымыз ойдағыдай шықты», — деді Дина Жұмабай.

Михаил Себостянның драмасындағы оқиға дәулетті қоғамның Мона есімді ханымы кішігірім қалашыққа тап болуымен басталады. Ол кездейсоқ қарапайым астрономды кездестіріп, оның реңсіз өміріне көрік береді. Режиссер осы шығарма арқылы көрерменді материалдық құндылықтың құлы болмай, рухани байлықты бағалауға шақырады.

Басты ролдерді Ақерке Мұстафаева, Біржан Шошабаев, Мейіржан Нұров, Айгерім Бекболатова, Динара Махмет сомдады.

Аталған қойылым театрдың жалғыз премьерасы емес. Танымал театр әртістері биыл «Ана», «Аты жоқ жұлдыз», «Қара шекпен»  атты жаңа қойылымдарды да сахналады. Қыркүйек айында театр жаңа маусым шымылдығын Бекен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай танымал тұлға өзі жазған «Қос мұңлық» драмасымен арнап ашпақ.

 

1 of 25
- +
Тегтер: Талдықорған

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz