Астанадағы жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, алаяқтық жасады деп айыпталған 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ол 2022 жылы Ташкентте жергілікті тұрғынды Chevrolet Lacetti көлігін алып беремін деп алдап, 12 мың АҚШ долларын иемденген. Ол ақшаны қайтармай, Қазақстанға қашып кеткен. Ташкент полициясы 2023 жылдың мамырында оны халықаралық іздеуге жариялап, сот қамауға алу туралы шешім шығарған.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, экстрадициялау мәселесі шешілуде.