Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Астана LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты сырттай үкім шығарды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Іс сотталушының халықаралық іздеуде болуына байланысты оның қатысуынсыз қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 2016 жылғы 22 желтоқсанда Талғат Ардан LRT жобасы үшін Қытайдың мемлекеттік даму банкінен 257,6 миллион АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Бұл қаражат жобаға пайдаланылмай, кейін City Transportation Systems ЖШС-ға 85 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.
Бұған дейін, 2023 жылғы 3 мамырда, Ардан аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Жаңа үкім бойынша Ардан кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай қосымша жаза тағайындалып, түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол City Transportation Systems ЖШС-ның пайдасына 85 миллиард теңгеден астам материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.