Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана іргесінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

2025 жылғы 22 маусымда сағат 11:30 шамасында Астана қаласының шетіндегі Жоламан аэродромы маңында TL-2000 маркалы жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінде болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында қаза тапқан. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

«22 маусым күні оқу-жаттығу рейсін орындау барысында жеке меншікке тиесілі TL-2000 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған екі адам мерт болды», — делінген министрлік таратқан ресми хабарламада.

Қазіргі таңда оқиға орнына Көлік министрлігінің Транспорттағы оқыс оқиғалар мен инциденттерді зерттеу департаментінің мамандары жетіп, арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Тергеу амалдары басталып кетті.

TL-2000 Sirius — екі орындық, жеңіл моторлы ұшақ. Ол негізінен оқу-жаттығу, спорттық авиация және жеке әуе сапарларына арналған. Бұл санаттағы ұшақтар жоғары маневрлік қабілетке ие болғанымен, олардың қауіпсіздігі ұшу алдындағы тексерістер мен техникалық күтімнің толық сақталуына тікелей байланысты.

Апат себептері арнайы комиссияның зерттеуінен кейін анықталады. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қосымша мәліметтер жарияланған жоқ.

Тегтер: астанаұшақ апаты

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz