Биыл шілде айының ортасында базада техникалық ақау орын алып, aisgzk.kz сайтындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді алу мүмкін болмай қалған еді.
«Қазір орын алған ақаудың себептері анықталды. Мамандар жұмысты қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Техникалық мәселелер ең қысқа мерзімде аяқталады», — деп жазылған хабарламада.
aisgzk.kz порталындағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстанның жер пайдаланушылары туралы ақпаратты білуіне мүмкіндігі бар.





