Ресми мәліметке сүйенсек, 12,3 ц/га орташа өнімділік кезінде 7,5 млн тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн тонна артық.
Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі тұтыну мен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астықтың жеткілікті көлемі алынады деп болжап отыр.
Баспасөз мәліметінше, 2022 жылы бюджеттік кредит 140 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 2 есе жоғары. Астықты форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін көбейтілді немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе артты. Ал жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бөлінді.
Бұған қоса, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
Айта кетейік, АШМ-де барлық туындаған мәселелерді уақтылы шешуге арналған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.





