Полицияның айтуынша, қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес.
«Жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен Шахтинскінің тұрғындары 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді. Тиісті сараптамалар жасалады», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Қылмыстық оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Еске сала кетейік, 23 сәуірде «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің пышақталған мәйіті табылған болатын.
Мәйіт түскі уақытта Жеңіске 40 жыл көшесіндегі үйден шыққан өртті сөндіру кезінде табылды.