Жергілікті ПД мәліметінше, Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқарып келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды.