Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды alataunews.kz. Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
“23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде күзет қызметін атқару барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады”, – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны айтылды.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қайтыс болған сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.