Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ақсуда жыл соңына дейін қант қамысы өңделеді

Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданына іс-сапармен барып қайтқанда белгілі болды.

04.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ақсу ауданындағы іргелі шаруашылық «Ақсу қант» зауытының жетекшісі Самат Нәдірбаевтың айтуынша, өткен жылы 64 866 тонна қант қызылшасынан 7,7 тонна дайын өнім алған. Биыл жыл соңына дейін қант қамысын өңдеу қолға алынбақ.

Зауыттың мүмкіндігін көрген өңір басшысы Бейбіт Өксікбайұлы  алқаптарға су жіберу, ауыспалы егіс жүйесін сақтау, субсидия беру арқылы қант қызылшасын өсіруге қолдау білдірілетінін айтты. Сондай-ақ, зауыт басшысына шаруашылықтармен бірлесіп, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарды пысықтауды тапсырды.

«Ең алдымен суармалы судың мәселесін шешуіміз керек. Қазір суару каналдарын қайта жаңғыртып, қалпына келтіріп жатырмыз. Қант қызылшасын да, қант қамысын да қатар өңдейміз. Көксу қант зауыты соның арқасында жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Осындай жүйеге Ақсу зауыты да көшуі керек. Өз кезегінде зауыт іргелі кәсіпорын ретінде қант қызылшасының сапасын көтеру ісіне белсене атсалысуы тиіс. Мемлекет қажетті көмек жасап отыр, соған лайық сіздер тарапынан да бастамалар болуы керек, қызылша өсіруші шаруашылықтармен бірігіп жұмыс істеп, оларға жәрдем жасап отырсаңыздар, екі тарапқа да тиімді болар еді. Қазір алқаптардағы жұмыстың басым бөлігі қол күшімен атқарылады, ол – ауыр еңбек, сондықтан оны механикаландыруға назар аудару керек», — деп толықтырды облыс әкімі.

Ақсу ауданына арнайы іс-сапармен келген облыс басшысы іргелі істерді атқаруда бірлесіп қана нәтижеге қол жеткізуге болатынын ескертті. Өңірді дамытуға барынша қолдау жасайтынын да жасырмады.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz