Дегенмен елдің Денсаулық сақтау органдары Техас штатындағы маймыл шешегімен ауырған науқастың алғашқы өлімін ресми тіркеп, хабарлама жасады.
«Бұл маймыл шешегі анықталған адамның алғашқы өлімі. Алайда, науқастың әртүрлі ауыр аурулары болды және толық зерттеу аяқталғанға дейін өлімнің нақты себебін анықтау ертерек», – деді АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Скотт Поли.
Жалпы, әлемде 92 елде 35000-нан астам маймыл шешегі ауруы тіркелді, 15 адам қайтыс болды. Ал ауру басталғаннан бері АҚШ-та 18000-нан астам маймыл шешегі ауруы тіркелді. Техаста инфекцияның 1604 жағдайы тіркелді.