Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АҚШ пен Қытайда ауа температурасы 50 градустан асты

Әлемнің бірнеше елі қалыптан тыс жоғары температурадан зардап шегіп отыр. Бұдан бөлек, Еуропаның оңтүстігінде, сондай-ақ АҚШ пен Қытайда ауа температурасы Цельсий бойынша 50 градустан жоғары көтерілді, деп хабарлайды alataunews.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

18.07.2023
Жаңалықтар

Синоптиктер температура аптаның ортасына дейін көтеріледі деп санайды.

Болжамға сәйкес, сәрсенбіге қарай Италиядағы Сардиния аралының оңтүстігінде ауаның температурасы 46°C болады, ал құрлықтық Италияның оңтүстігінде ең жоғары температура — 43°C.

Соңғы болжамға сәйкес, Испанияның оңтүстігінде максималды температура 46°C, ал Францияның оңтүстігінде — 40°C жетеді.

АҚШ-тың оңтүстік-батысында да аптап ыстық болады. Метеорологтар 38 қалада температура рекорды жаңаруы мүмкін деп ескертті.

Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, жексенбіде Лас-Вегаста (Невада штаты) температура 46,6°C-қа жетті.

Аризона штатының Феникс қаласында ауа температурасының рекордтық 47,2°C дейін көтерілетіні болжанып отыр.

Жексенбіде ең жоғары температура Калифорниядағы Өлім алқабында тіркелген. Ғаламшардағы ең жылы жерлердің бірінде 53,9°C ыстық болды.

Мамандар жылу толқынының басты проблемасы күндізгі ауа температурасының жоғарылауында емес, түнде жеткілікті түрде төмендемейтінінде деп санайды.

Жақын арада, Аризонадағы түнгі температура 32°C-тан төмендемейді деп болжанып отыр.

Британдық метеорологиялық орталықтың мәліметінше, жексенбіде Қытайда ел тарихындағы ең жоғары температура тіркелді — Шыңжаң провинциясында термометр бағанасы 52,2°C дейін көтерілді.

Оңтүстік Кореяда ауа райының күрт өзгеруінен нөсер жауын жауып, көшкін мен су тасқынына ұласты, ал Жапонияда кем дегенде 60 адамға ыстық өтті.

Жапон аралдарындағы рекордтық температура (41,1°C) 2018 жылы Кумагая қаласында тіркелген. Биылғы жазда алдыңғы рекорд жаңаруы әбден мүмкін.

БҰҰ-ның мамандандырылған бөлімшесі — Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Жерорта теңізі аймағында қалыптасқан жылу ағымдағы аптаның ортасына қарай күшейіп, тамыз айында жалғасатынын ескертті.

Келесі аптада Мароккода температура 49°C дейін көтерілуі мүмкін.

Тегтер: АҚШаптап ыстықҚытай

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz