Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тұрақты негізде ақпараттық жүйелерге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Мониторинг барысында Департамент «электрондық үкімет» порталы жүйесі мен Алматы облысының геоақпараттық жүйесі арасындағы байланыстың үзілуіне байланысты техникалық ақауларды анықталды.
Нәтижесінде, E-gov порталы арқылы «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша жіберілген өтінімдер өңірлік геоақпараттық жүйенің жергілікті атқарушы органының базасына жеткізілмеген.
Департаменттің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-мен бірлескен жұмысының нәтижесінде жүйедегі техникалық ақаулар жойылды. Бүгінгі күні «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін алу кезінде электрондық үкімет порталы мен Алматы облысының геоақпараттық жүйесі арасында үздіксіз байланыс орнатылды.