Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақмолалық тәртіп сақшылары қылмысты іздестіру барысында кен өңдеу цехын тапты

Ақмола облысының тәртіп сақшылары ұрлық фактісін тергеу барысында Степногорск қаласының тұрғынынан кен өңдеу цехын тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29.10.2022
Жаңалықтар

Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын шағым түсірген.

Оның айтуынша, белгісіз біреулер 24 тамызға қараған түні әйелдің үйіне ұрланып кіріп, құны 793 400 теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты және ол уақтша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер – екі алтын алқа тәркіленді. Күдікті қалған алтын бұйымдарды ерітіп, аффинаж жасап, Степногорск қаласының тұрғынына тапсырғанын айтты.

27 қазан күні Степногорск қаласы Полиция басқармасы мен Ақмола облысының тәртіп сақшылары бірлесіп, қалада 49 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігі тоқтатқан.

Күдіктіні тінту барысында ер адамнан 1 193 500 теңге және сары түсті ұнтақ заты бар екі пластикалық шөлмек тәркіленді. Санкцияланған тінту барысында Ақсу кентіндегі шаруашылық құрылысынан екі ұсатқыш станок (шынжырлы және жұдырықшалы), бір жуғыш, құрамында алтын бар металл ванна, бір шойын ванна, құрамында алтыны бар материал салынған 31 қап және электрондық таразы табылып, тәркіленді.

Ұсталған адамның айтуынша, ол осы жылдың көктемінде кварц кенін өңдеу цехын ұйымдастырған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша «Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz