Aгенттік Төрағасының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов тағайындалды, деп хабарлайды, Alataunews.kz тілшісі.
Жаңа басшыны департамент ұжымына агенттік төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов таныстырды.
Ведомствоның ресми сайтында М.Жебегенов осы уақытқа дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болғаны айтылған. ҚР ҰҚК академиясын бітіріп, 2002-2022 жылдардың аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды.
Еске салсақ, бұған дейін 2020-2022 жылдар аралығында департаментті Ернар Мақажанов басқарған.