Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

«Анасын өлтірді» деп айыпталған қыз бен оның сүйіктісіне қатысты сот басталды

Ақтөбеде шамамен 35-40 жастағы анасын өлтірді деп күдікке ілінген 16 жасар қыз бен оның 18 жастағы жігітіне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

11.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы қылмыстың қалай жасалғаны жайлы баяндама оқыды. Тергеуде анықталғандай, 2022 жылғы 14 сәуір күні сағат 21:00 шамасында 16 жастағы қыз жігітіне анасы ұрысып жатқанын айтып, жуынатын бөлмедегі бұранданы жөндеп беруін сұраған.

«Сол күні сағат шамамен 23:00-де айыпталушы жігіт сүйіктісінің үйіне барған. Жігіт су бұрандасын жөндеп жатқанда қыздың анасы ұрыс шығарған. Мас күйдегі қыздың анасы олардың қарым-қатынасын құптамайтынын жеткізген. Арадағы жанжалдың арты төбелеске ұласқан. Айыпталушы жігіт қыздың анасының қолындағы пышақты алып, жүрек тұсына бір рет соққы жасаған. Одан кейін әйелді буындыра бастаған. Әйел сонда да қарсылық білдіруге тырысқан. Ал жігіт қызынан көмектесуін сұраған. Қыз пышақты алып, бірнеше рет анасына сұғып алған. Күдіктілердің сөзіне қарағанда, әйел қыздың кішкене кезінде оған зәбір көрсеткен. Қызының соққысынан соң әйел тіл тартпай кетеді. Содан соң олар әйелдің денесін жасыруды ойлайды. 14-сәуірден 19-сәуірге дейін денені балконда сақтаған. Мәйіттен иіс шықпау үшін оған сірке суы мен сода құйып отырған», — деді сотта мемлекеттік айыптаушы.

Айыпталушылар кінәсін толық мойындаған, бірақ қылмыс топтасып жасалды деген айыпқа қарсылық білдірді.

«Кінәні мойындаймын. Қылмысты өзім жасадым. Ашу үстінде болды. Өлтіру ниетім болған жоқ. Анасы ұрысқанда қолындағы пышақты маған қарай сермеді. Қорғану үшін қолын қайырғанымда пышақ сол жақ кеудесіне кірді. Содан соң тамағынан қылқындырып, тағы үш соққы бердім. Өледі деп ойламадым. Кейін ағама хабарлап, полицияға айттық», — деп 18 жастағы жігіт кінәсін толығымен мойындады.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz