Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алтын және күміс алқалы аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады.

31.03.2023
Жаңалықтар

Бұдан бұрын осы жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Еңбекминінің аумақтық департамент қызметкерлерінің қатысуы қажет болып, нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын еді.

Ендігі жерде аталған қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Егер де көпбалалы ана «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталса, тиісті мәліметтер Еңбекминінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.

Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS хабарлама жібереді.

SMS хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды.

Еңбекмині осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде де енгізуді көздеп отыр.

Тегтер: алтын алқажәрдемақыкүміс алқа

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта референдум ақсақалдың батасымен басталды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдум: дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдум: 677 учаске жұмысы басталды, миллионнан астам тұрғын дауыс берушілер тізіміне енгізілген

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Қазақстанда референдум басталды: 10 мыңнан астам учаске жұмыс істеп тұр

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz