Мұздықтардың еруі елдегі туризмге кері әсерін тигізіп жатыр. Мәселен, Швейцариядағы Еуропаның ең үлкен шаңғы тебу демалыс орыны – Церматқа адам аз келетін болған.
Биыл бұл жердегі мұздықтардың биіктігі 5 сантиметрге төмендеп, ауа температурасы 0,3 градусқа жылынған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерісіне арналған есебінде 2100 жылға қарай Альпідегі мұздардың 80% астамы еритіні болжанады.