Алматыда биіктігі 20 сантиметрге дейін қалың қар жауады деп күтілуде.
«Дүйсенбі күні — 12 ақпанда сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда биіктігі 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп күтілуде, бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%- ын құрайды. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындыққа келтірілді. Көше-жол желілерінен қар шығару жұмыстары аяқталды. Қысқы кезеңде барлығы 226 мың м3 қар шығарылды», — делінген Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарламада.
12 ақпан күні таңертең күшейтілген арнайы техника қар тазалауға шығады деп жоспарлануда, қарды тазалауға 600 бірлікке дейін техника және 1220 жол жұмысшысы жұмылдырылатын болады.