Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, жер асты дүмпулері сағат 01:31-де тіркелген, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы Алматы қаласында 2 балды құрады.
«Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты», — делінген хабарламада.