Алматы қаласын дамыту бағдарламасында айтылғандай, бұл 100 миллион долларға жуық шетел инвестициясын тартуға мүмкіндік береді.
«2030 жылға дейінгі кезеңде инвесторлардың сұранысына және Алматы қаласының индустриалды аймағын дамытудың екінші кезеңіндегі жер телімдерін игеру қарқынына байланысты оның аумағын одан әрі кеңейту мәселесі қаралады», — делінген Алматының даму бағдарламасында.





