Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Алматыдағы 20 жатақхана студенттерді қабылдауға дайын емес

Оқу жылы алдында университет жатақханалары тексерілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

24.08.2022
Жаңалық, Қоғам

Құтқарушы мамандар, депутаттар мен қоғам белсенділері бөлмелерді тексеру кезінде түрлі олқылықтарды көрді. Бірінде ылғал, бірінде зеңді байқаған олар 95 жатақхананың 20-сы студенттерді қабылдауға әлі дайын емес деген шешімге келді. Ал оқу орындарының әкімшілері кемшіліктерді жоюға қатысты проблемаларды алға тартты.

«Қаржы тартуға қатысты, өте көп ақша талап ететін мәселелер бар. Жатақханалар салу немесе күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру деген сияқты», — деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры
Жанар Рыспекова.

Ал қазақ Спорт және туризм академиясының жатақханасында тіпті жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Құрылысшылар асығыс жөндеу жасап жатыр. Алдымен әкімшілік таза, үлгілі студенттік бөлмелерді іріктеп көрсетті. Бірақ одан басқа бөлмелерді қараған тексерушілер едені лас, есігі ескірген көрініске тап болды. Ол аздай комиссия дәлізден тарақандарды байқаған.

Бұл оқу орнының кір жуу бөлмесі жертөледе орналасқан. Қабырғалары мен төбесі дымқыл. Ал жуынатын бөлменің есігі мен араларын бөлетін пердесі жоқ.

Тексерушілер жылда осы проблемалар шығатынын айтады. Әкімшіліктер оны жоюға талап еткенімен, нәтиже жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша Алматыдағы 20 жатақхана студенттерін қабылдауға дайын емес.

Алматы мәслихатының депутаты Әсия Мақанова мониторингтен кейін ұсыныстар әзірленетінін мәлімдеді. Мәселе мәслихатта, білім беру кеңестерінде және университет басшылығында қаралатын болады.

Алматыда университеттердің барлығы 95 жатақханасы бар. Мамандардың айтуынша тұрғын жайды қажет ететін студенттер үшін бұл жеткіліксіз. Олардың саны өткен оқу жылында 112 мыңға жеткен.

«Әрбір ЖОО министрліктің біліктілік талаптары бойынша мұқтаждардың кемінде 70% жатақханалармен немесе тұру орындарымен қамтамасыз етуге тиіс. Яғни, егер университет қазір жатақхана бермесе, олар үшін қонақ үй табуы керек», — деді

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

Қазір шенеуніктер барлық студенттерді қалай орналастыру керектігі туралы бас қатырып жатыр. Алдағы уақытта қонақ үйлерді жатақханаларға айналдыруы да мүмкін.

Тегтер: жатақханаоқу жылыстудент

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz