Қала тұрғындарының ұялы телефондарына төтенше жағдай туралы ескерту хабарламасы да түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 4 желтоқсан күні Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді.
«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Мәліметтер нақтыланып жатыр», – деп хабарлады ТЖМ.





