Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан

Алматы қаласының тәртіп сақшылары жаңа туған сәбилерді сату фактілерін анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

12.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтады.

«Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілі.

Сондай-ақ бүгінгі брифинг барысында Шұғыла Тұрлыбек жезөкшелік қызмет көрсеткен 20-дан астам орын анықталғанын айтқан болатын. Оның мәліметінше, Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды.

Бұдан бөлек, өткен аптада есірткі зертханасын ұйымдастырып, іздеуде жүрген күдікті қолға түскен. Жалпы жыл басынан 23 есірткі зертханасы әшкереленген.

Тегтер: қылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz