«Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Іске қосу мерзімі – 2023 жылдың 1-ші тоқсаны. Соның нәтижесінде «Қайрат» және «Нұршашқан» шағын аудандарында электр энергиясы мәселесі шешілетін болады. Жыл соңына дейін «Әлмерек», «Нұршашқан», «Шуақты» шағын аудандарының ішінде электрмен жабдықтаудың тарату желілері салынады», — деді Наиль Лебаев.
Сонымен қатар ол Түрксіб ауданында 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» шет аймақтарды дамытудың кешенді жоспары белсенді жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Осы жылдың наурыз айында Төменгі Пятилетка ауданында 4120 үйді қамтитын сумен жабдықтау және суды бұру желілерінің құрылысы басталды, онда 16 мыңнан астам тұрғын бар. Желілерді салуды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Жас қанат» шағын ауданында монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда 2500 тұрғынды қамтитын 530 үйге су жүргізіледі», — деді ол.
Найль Лебаевтың айтуынша, жұмыстар осы жылдың соңында аяқталады.