Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда сүрілген үйлердің орнына көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр

Алматы әкімдігі сүрілген көпқабатты үйлердің орнына баспана қай аудандарда салынып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі, ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

03.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы Жетісу ауданында инвестормен бірге Скрябина көшесіндегі 52 пәтерлік 6 үй сүрілді. Олардың орнына 2022 жылдың екінші тоқсанында 304 пәтерлік 4 жаңа үй салынды.

Райымбек даңғылында орналасқан №265, №265 а үйі бұзылды. Сонымен қатар Крылов көшесіндегі 24 пәтерлік үш апатты үй сүріліп, оның орнында 184 пәтерлік 2 үйдің құрылысы басталды.

Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінің бойындағы  5 апатты үй (40 пәтер) бұзылып, оның орнында 209 пәтерлік 4 үйдің құрылысы басталды.

Сондай-ақ, Сүлейменов көшесінің батысы, Жандосов көшесінің оңтүстігіндегі аймаққа қосымша инвестор тартылды. Жеке құрылыс салушы II, V, VI, VII, VIII кезеңдерге үй салу құқығын алды. Осылайша, жобаны аяқтау мерзімі бес жылға – 2033 жылдан 2028 жылға дейін қысқарды.

Түрксіб ауданындағы Молдағалиев–Сауранбаев–Чернышевский–Толстой көшелерінің шаршысында 152 пәтерлік көппәтерлі 7 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, Алматы қаласының тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жеке инвестиция есебінен жүзеге асып жатыр. Бүгінгі күні «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы АҚ қала әкімдігін, «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі АҚ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігін қоса алғанда, уәкілетті органдармен бірлесіп қаржыландыру мәселесін пысықтап жатыр.

«Қосымша қаржыландыру – құрылыс жұмыстарының қарқынын арттырады. Бөлінген қаражат тозығы жеткен үйлерді сүруге, инвесторларды ынталандыруға, сондай-ақ апатты жағдайдағы үй иелерін тұрғын үй қоры ретінде пайдалануға арналған пәтерлерге қоныстандыруға жұмсалады», — деп атап өтті әкімдік.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполистегі апатты жағдайдағы үйлерді бұзудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтқан болатын.

Тегтер: көпқабаттытұрғын үй

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz