«Алматыдағы студенттер далада қонып жүр» деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын жеткізді. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады. Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласу керектігі айтылды.
«Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады. Вице-министр Қуаныш Ерғалиев мәселе толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.