Қадағалаушы орган мәліметінше, күдікті Алматы қаласында қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128–131-баптарына сәйкес ұсталған.
Бас прокуратура таратқан ақпаратта Санжар Бокаев әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды жариялаған деген күдікке ілінгенін жазылған.
«Тергеу деректеріне сәйкес, Бокаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген», – делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Сондай-ақ ол аса ірі көлемде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілініп отыр.
Ведомство өзге ақпараттың ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын атап өтті.





