Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда қоғамдық орында түкірген 6 мыңға жуық адамға айыппұл салынды

Алматы қаласының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орынды ластау туралы фото, видеоларды «102» қосымшасы арқылы жіберуге шақырды, деп хабарлайды Alataunews.kz ведомствоға сілтеме жасап.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Тәулік бойы 20 оператор бейне қоңырау, аудио немесе SMS-хабарламаларды қабылдайды. Қабылданған шаралар өтініш авторларына белгіленген мерзімде хабарланады», — деді Ержан Ұзабаев.

Ол сондай-ақ алматылықтардың белсенділік танытып, заң пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлестерін қосып жатқанын айтты.

«Жыл басынан бері «102» қосымшасы арқылы азаматтардан 500-ге жуық хабарлама түсті. Ең жиі кездесетіні – түкірген адамдар туралы. Осы уақытқа дейін аталған құқықбұзушылық бойынша 5 613 адам әкімшілік жауапқа тартылды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Спикердің айтуынша, биылғы жылдың 7 айында қаланы абаттандыру ережелерін бұзудың 17 152 дерегі, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішудің 11 481 дерегі, тыныштықты бұзудың 5 494 дерегі, темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 3 077 дерегі тірелді, сондай-ақ, 505 ұсақ қылмыс және т.б. анықталды.

Полициядан хабарлағандай, әкімшілік заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарда, саябақтар мен алаңдарда белгілі бір әрекеттер заңмен шектеледі және жауапкершілікке әкеледі. Мысалы, ҚР ӘҚбК-нің 434-2-бабының талаптарына сәйкес, қоғамдық орындарды ластауға тыйым салынады.

«Түкіру қоғамдық орындарды ластайды, сондықтан бұл әрекет құқық бұзушылықтың белгісіне жатады», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінде.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz