Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, монополисттердің шарты бойынша, кәсіпкерлер, газдың пайдаланылмаған көлемі үшін газ құнының 10 пайызын заңсыз төлем келген.
«Үстем және монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып 497,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, 2022 жылы табиғи монополия субъектісі, көрсететін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан компания 2023 жылға арналған тарифті төмендеткен жоқ (көрсетілген қызметтердің көлемінің ұлғаюына байланысты тариф қайта қаралуы тиіс)», — делінген ведомство хабарламасында.
Осыған орай, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қадағалау актісімен, осы жылдың 1 сәуірінен бастап тауарлық газды тасымалдау тарифін 6 пайызға, 1000 м3 үшін 4 099,25 теңгеден 1000 м3 3 848,03 теңгеге дейін төмендету туралы бұйрық шығарылды.
«Қабылданған шаралар Алматы қаласында 450 000 тұтынушының, оның ішінде 8 800 кәсіпкердің құқығын қорғады», — делінген хабарламада.