Алматы қалалық криминалдық полициясының мәліметінше, Үлкен Алматы каналы бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды.
«Атап айтқанда, қос ұңғылы шолақ мылтық, газ тапаншасы, оқжатары жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 патрон, радиостанция», – деп атап өтті ведомстводан.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
«Қару-жарақтың, сондай-ақ оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі одан әрі жүргізілетін жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталады», – деп хабарлады полициядан.