Алматыда өрт кезінде 30 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Наурызбай ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 20 шаршы метр аумақта жиһаз және тұрмыстық заттар өртеніп кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері автосаты және баспалдақ арқылы 14 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып, 16 тұрғынды эвакуациялады.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы деп анықталды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.