Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда өткен аламан бәйгеге 5 миллион теңгенің жүлдесі тігілді

Бүгін Алматы облысында ат спортынан республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

21.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қарасай ауданының демалыс және спорт базасында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған Ұлттық ат спорты түрлерінен Республикалық турнир өтті. Аталған іс-шараға кең-байтақ еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық тәжірибелі шабандоздар мен ауыздықпен алысқан тұлпарлар келді.

Айта кетейік, дүбірлі доданың мәртебелі қонақтарының қатарында үш бірдей шейх болды. Олар: Дерех Мухаммед-али, Жасым аль тани мен Хусейн Мухаммед аль Фатала. Мерекенің шымылдығын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ашып, шабандоздарға сәттілік тіледі.

Республикалық жарыстың шарты бойынша аламан бәйге 25 шақырым, топ бәйге 15 шақырым, ал құнан бәйге 10 шақырымға созылды.

Қатарластарын шаң қаптырған жүйріктер мен шабандоздар:

Аламан бәйге:

1-орын Нұрбаев Нұрайт —  Қарабұра (Жамбыл облысы, Қордай)

2-орын Әділқас Қуат — Самрұқ (Жамбыл облысы, Көк Бастау)

3-орын Алдияр Уаизхан — Секрет (Жамбыл облысы, Шиен)

4-орын Мұратхан Арнат — Бақторы (Талғар қаласы)

5-орын Байқан — Айторы (Жамбыл облысы, Көк Бастау)

6-орын Абзал — Самғат (Жамбыл)

Топ бәйге:

1-орын Мұратхан Арнат — Айбар (Талғар қаласы)

2-орын Алихан Жетпісов — Сүлік (Жамбыл ауданы, Аққайнар)

3-орын Байқан — Жұлдыз (Жамбыл облысы, Қордай)

4-орын Молдашбаев Қанағат — Аптимус (Жамбыл облысы, Қордай)

5-орын Мұхтар Азамат — Дегерес (Жамбыл облысы, Қордай)

Құнан бәйге:

1-орын Молдашбаев Қанағат — Хайбет (Жамбыл облысы, Қордай)

2-орын Мұратхан Арнат — Шабыт (Талғар қаласы)

3-орын Хамза Амангелді — Жұмыртұяқ (Ескелді ауданы, Жалғызағаш)

4-орын Айсұлтан — Сұңқар (Қарасай ауданы, Шамалған ауылы)

5-орын Елжас Марат — Айғаным (Кербұлақ ауданы, Аралтөбе)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, тиісті дәрежелі грамота, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ бұл күні қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату және аударыспақ сияқты ұлттық ойындардан да жарыстар болды.

 

1 of 9
- +

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz