Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жан сақтау бөліміне түскен болатын. Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды. Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды
Еске сала кетейік, кеше жәбірленуші тарапы ұлына қол жұмсаған ер адамның әлі бостандықта жүргенін айтып, шағымданған болатын.
«Мен сені адам қылғым келеді, ал сен мен үшін дұға жасамадың», — деп қол көтерген.
Жігіт ашулы әкесінен қашпақ болған, алайда ол ұлын ұстап алып, басынан ұра бастайды.
«Үйде үлкен гантель болатын. Сонымен немесе үлкен пышақтың сабымен ұрған сияқты. Кейін өгей әкем пышақпен қорқыта бастады. Ағам көрші үйге қашып, сол жақтан полиция шақырды. Анам арыз жазса да, өгей әкем әлі бостандықта жүр. Ағамды өлтіре жаздады, әйтпесе, қашпайтын еді», — дейді Ерғали Асылханов.
Күдіктінің бостандықта жүргенін полиция растаған. Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған іс полиция назарында екенін айтқан болатын.