Алматы қаласының криминалдық полициясының хабарлауынша, шабуыл жасаған үш адамды арнайы жасақ қолға түсірген. Олар ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлаған.
«Топта 38, 35 және 31 жастағы үш ер адам бар. Олар бұрын сотталғандар. Қалада “Toyota Camry” көлігімен жүрген. Арнайы және жедел шаралардың нәтижесінде күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталды. Қазір олардың төрт пәтер ұрлығына қатысы бар, жоғы анықталып жатыр. Олар тек коттедждерді тонап жүрген. Күдіктілер өздерімен бірге сандық жабдықты, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Біздің жедел деректерге сәйкес, күдіктілердің ұрланған мүлікті тұрақты өткізетін сауда орындары болған. Сатып алушылар да ұсталып, жазаланады», — деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар тәркіленді.