Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.02.2024
Жаңалықтар, Саясат
Оған Арменияның үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев және ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Биыл ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Бүгінде ол – 190 млн халқы бар, еңбек нарығы 93 млн-нан асатын, жалпы ішкі өнімі $2,7 трлн-ды құрайтын қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық бірлестік. Бұл ретте мүше мемлекеттердің өзара саудасы 2015 жылдан 2022 жылға дейін 2 есеге өсіп, $85 млрд-қа жетті.

«Биылғы маңызды оқиға «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының қабылдануы болды. Бұл құжат еуразиялық кеңістіктегі алдағы 5 жылға арналған интеграциялық процестердің негізгі бағыттарын айқындайды. Декларацияны іске асыру біздің экономикаларымыздың дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Нақты экономикалық жобаларды іске асыру үшін барынша күш салу қажет», — деді премьер-министр.

Үкімет басшысының айтуынша, ЕАЭО Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қиылысында орналасқан, бұл осы аймақты бәсекелестікке қабілетті ететін негізгі артықшылық.

«Қазақстан транзиттік көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән береді. Соңғы 15 жылда біздің еліміз осы мақсаттарға $35 млрд-тан астам қаражат бөлді. Ляньюньган қаласында логистикалық орталық, «Қорғас» құрғақ порты, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік магистралі, Қытайдан Иранға теміржол дәлізі іске қосылды. Каспий теңізінің «Құрық» және «Ақтау» порттарына жаңғырту жүргізілді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол өнеркәсіптік кооперациядағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында биылдан бастап бірлескен жобаларға қаржылай көмек көрсету тетігі іске қосылатынын айтты. Бұл стратегиялық жобаларды іске асыруға, бизнес бастамаларын тиімді ілгерілетуге, өзара инвестицияларды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Тегтер: алматысаясаттанушы

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz