«Әйел мен оның екі баласының денесі 6 тамыз күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылды. Екі бүлдіршіннің мәйітінде зорлық-зомбылық ізі болған. Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сондай-ақ, видеоматериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алды», — деп хабарлады қалалық прокуратура.
Айта кетейік, оқиға қаладағы «Спутник» тұрғын үй кешенінде болған.