Денсаулық сақтау министрі эпидемиялық ахуалды есептеу көрсеткіштері қайта қаралғанын айтты.
Қазір, «жасыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.
«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. 100 мың тұрғынға шаққанда 10 күн ішінде орташа тәуліктік сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне қайта қаралды», — деді министр.
Айтуынша, матрицаны жаңарту кезінде денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықты ескере отырып, ағымдағы жағдайды бағалау тұрғысынан ДДСҰ ұсынымдары ескерілген.
«Жасыл» аймақ: R репродуктив санына қарамастан төсек-орындарға 2 500 науқасқа дейін жатқызылған кезде; төсек-орындар 5000 науқасқа толғанға дейін және R репродуктив саны 1-ден аз болғанда.
«Сары» аймақ: төсек-орындарға 5000 науқасқа дейін толғанда және R 1-ден жоғары болса; төсек-орындарға 5000-нан 10000 науқасқа дейін жатқызылғанда және R 1-ден аз болғанда.
«Қызыл» аймақ: төсек-орындарда 5000 науқастан және R 1-ден жоғары болғанда; R-ге қарамастан 10 000-нан аса пациент жатқызылғанда.
Осыған дейін айтып өткеніміздей, Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 1 257 жағдайы анықталғанынан хабардар еткен болатынбыз.