Адамдарды топ-топпен жақын маңдағы жылу пунктеріне жеткізіп, кейін пойызбен Тараз бен Шымкентке жөнелткен.
«Қар басуы, қарлы боран жолда жүруге ешқандай мүмкіндік бермеді. Қар үйінділерінен 189-ға жуық адам эвакуацияланды. Оның 14-і — балалар. Медицина қызметкерлері 25 адамға көмек көрсетті. Бұл жағдайда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», — деп мәлімдеді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Шариев.