Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы-Қаскелең тас жолы сын көтермей тұр

Алматы облысына қарасты Алтын Орда базары маңында жаңадан төселген тас жол жарты жыл  өтпей бүліне бастады.

05.07.2022
Аймақ, Жаңалық

«Алматы» телеарнасының хабарлауынша, жаңа асфальттың жұлым-жұлымы шыққанын айтқан жұрт жауапсыз мердігер компания өкілдеріне наразы. Бұл транзиттік дәлізден күніне шамамен 18 мың көлік қалаға кіріп шығады. Алматы-Қаскелең тас жолының бір бөлігі өткен жылы желтоқсан айында пайдалануға берілген еді. Айналма жолды салудағы мақсат — көлік кептелісін азайту. Республикалық маңызы бар бұл тас жолдың бойында көлік ағыны көп. Сондықтан жүргізушілер кептеліске шағымданып отыр.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компания өкілдігінің айтуынша, айналма жолға кеткен қаржы 8 млрд теңге. Бұл республикалық бюджеттен алынған жауапты сала мамандары көлік жүргізушілерінің шағымына қатысты алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Қазір көпір үстінің асфальт-бетон жамылғысы қайта төселіп, құрылыс жұмыстары Райымбек батыр көшесіне дейін жалғасады. Ол үшін көлік қозғалысы тоқтамайды. Жол жасаушы мамандардың айтуынша, жол үстіндегі асфальт қыста төселген. Сол себепті шытынап кетіп отыр.

 «Желтоқсан айында пайдалануға берілген тас жол толық аяқталған жоқ.  Алтын Орда базары маңында көлік ағыны көп болғандықтан уақытша аштық. Қазір 85 пайызға жұмыс аяқталды. Қалғанын күзге дейін толық аяқтап тапсырамыз», – деді «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржан Таңатаров.

Ұлттық компания өкілдері: «Күз мезгілінде толық аяқталатын Алтын орда жолы 25 жылға дейін шыдас береді. Бұдан кейін тас жолға қатысты ешқандай мәселе болмайды»,-деп сендірді.

 

Тегтер: ҚазАвтоЖолтас жол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz