Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы қаласының әуежайында жаңа терминал ашылды

Бүгін, 2024 жылы 1 маусымда Алматы қаласының әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады. Бұл ақпаратты Көлік министрлігі таратты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Ведомство Алматы қаласы әуежайында жаңа терминалдың ашылуы стратегиялық маңызға ие екенін нақтылайды.

«Бүгін Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.»Эйр Астана» әуекомпаниясының Лондон-Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі таңғы 8-50-де әуежайға келіп қонды (КС-664 рейсі). Әуе кемесінде 94 жолаушы болды», делінген Көлік министрлігі хабарламасында.

Ал сағат 09-50-де алғашқы болып Алматы – Доха бағыты бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясының әуе кемесі ұшады (КС-653). Бортта 166 жолаушы бар.

Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды.

Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы 53 мың шаршы метрді құрайды.

Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 лента қарастырылған. Жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыны өткізуге қабілетті. Алдағы уақытта әуежайдан 10 елге 15 халықаралық маршрут бойынша отандық және шетелдік компаниялар қатынайды.

Айта кетсек, 31 мамырда Алматыға жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  қаладағы әуежайдың жаңа терминалымен танысты. Сол кезде әуежай баспасөз қызметі оның ресми ашылуы 1 маусымда болатынын хабарлаған.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz