Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары құс фабрикасынан келетін иістен тұншығып отыр

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бағдаршам ауылының тұрғындары фабрикадан күндіз-түні шығатын күлімсі иістен зәрезап болған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

04.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Ауыл халқы далада жүру былай тұрсын, үйдің терезесін ашудан қалыпты. Жөтел қысу, көздің ашуы, бастың ауруы жиілеп кеткен.

«Күн ысыған сайын жағымсыз иіс күшейіп бара жатыр. Түнде ұйықтай алмайтын жағдайға жеттік. Түнімен желдеткішін гүрілдетіп қосып қояды. Халық қиналып кетті. Менде жөтел пайда болды. Қаншама дәрі ішіп жатырмын, пайдасы жоқ. Мұрын ашиды, бас ауруы пайда болды», – дейді ауыл тұрғыны Айдос Иманбеков.

Ал кәсіпорынның инженер-экологының айтуынша, 45 жыл бұрын пайдалануға берілген құс фабрикасы барлық санитарлық, экологиялық талапқа сай.

Ауыл әкімінің өз уәжі бар. Ол облыстық экология департаментіне және аудандық саниатарлық-эпидемиологиялық бөлімге өз тарапынан хат жолдаған.

«Құзіретті орган санитарлық қорғау аймағының сақталуын және ауаның айналаға таралған иісінде зиянды заттар бар-жоғын тексеріп, қорытындысын береді», – деді Жаңашар ауылдық округының әкімі Бақытжан Чурмақов.

Алайда, облыстық экология мен санитария департаментінің құс фабрикасын қашан тексеретіні және нәтижесінде қандай шешім шығаратыны әзірге белгісіз.

Тегтер: экология

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz