«Алматы облысының прокуратурасы Талғар қаласында 1 200 орындық мектеп құрылысының сапасын бақылауға алды. Қазіргі уақытта шатырдың сапасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақаулар анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Прокуратура тексеру қорытындысы дайын болғаннан кейін қабылданған шараларды жариялайды.
Айта кету керек, құны 3,1 миллиард теңге болатын мектептің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталған.
Естеріңізде болса, Алматы облысы Білім басқармасынан дәл осы мектеп жайлы жауап алған болатынбыз.