2026 жылғы 8–12 сәуір аралығында өткен байқауға өңір атынан 9 оқушы қатысып, оның 8-і жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова марапаттады.
Бірінші дәрежелі дипломды Іле ауданы №31 орта мектептің 8-сынып оқушылары Сарқыт Мирас пен Талғатұлы Алихан жеңіп алды. Олардың ғылыми жетекшісі – Құлбаев Азамат Бектілеуұлы.
Екінші дәрежелі дипломға Талғар аудандық жеке лицей-интернаты №1-дің 9-сынып оқушысы Сулейманов Абдель (жетекшілері – Беделханова Айжан Дүйсеновна және Байрамов Миляз Омар-Алиевич), сондай-ақ Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушылары Шаймурад Нурдаулет пен Ауезханұлы Мәди (жетекшілері – Қасен Айтқабыл және Сағатбек Амангүл) ие болды.
Үшінші дәрежелі дипломмен Талғар аудандық жеке лицей-интернаты №1-дің 9-сынып оқушылары Бахтибай Ардақ пен Байтөре Дінмұхаммед (жетекшілері – Беделханова Айжан Дүйсеновна және Байрамов Миляз Омар-Алиевич), сондай-ақ Іле ауданы №31 орта мектептің 10-сынып оқушысы Абилхан Жандос (жетекшісі – Құлбаев Азамат Бектілеуұлы) марапатталды.
Аталған нәтиже Алматы облысындағы білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құзырлы органдар құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.





