Нақтырақ айтқанда, 2019-2021 жылдары Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданында бюджетке 34,1 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы түспеген. Салық төлеуден жалтару деректері салық қызметі органдарының тексеру актілерімен расталды.
Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, анықталған деректтер Көші-қон қызметі мен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері және өзге де тұлғалармен сыбайлас жемқорлық схемалары мен алаяқтық әрекеттердің бар екенін аңғартады.
Мади Сайдильдин